379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы сайлау Грузия үшін де маңызды

  • 64
  • UPD: 20:37, 11.04.2019

Грузиялықтар бұл сайлаудың заң шеңберінде өтетініне шек келтірмейді.

Саясаттанушы Гела Васадзе біздің елде билік сабақтастығы жалғасып, тұрақтылық нығая түсетініне сенімді.

Гела Васадзе, cаясаттанушы:

Қазақстан үшін бұл билік сабақтастығы мен тұрақтылық сақталып қалатынын білдіреді. Грузия үшін де бұл өте маңызды, өйткені қазірдің өзінде Қазақстанның Грузияға қатысты саясаты өзгермей, тату көршілік қатынастарымыз сақталатынын білеміз. Қарым-қатынастарымыздың болашағы, экономикалық әлеуеті зор, мұның негізін кезінде Нұрсұлтан Назарбаев қалаған болатын. Оны тек әрі қарай дамыту керек.

Хабар 24 телеарнасы