384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенті: Жаңаөзендіктерді жұмыспен, тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін квота қарастыру керек

  • 501
  • UPD: 12:50, 12.04.2019
ҚР Президенті: Жаңаөзендіктерді жұмыспен, тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін квота қарастыру керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде өңір жұртшылығымен кездесті.

Кездесу барысында Президент Жанаөзен қаласының дамуына назар аудару керектігін атап өтті.

«Өңірдегі тағы бір маңызды мәселе – Жаңаөзен қаласын дамыту. Қала тұрғындарын жұмыспен, баспанамен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – негізгі міндет. Бұл мәселе бойынша Үкімет кешенді жоспарын әзірледі. Оны міндетті түрде жүзеге асыру керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ақтау қаласында Жаңаөзен тұрғындарын жұмыспен, тұрғын үймен және жатақханамен қамтамасыз ету үшін квота қарастыру қажеттігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы