377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжандық саясаттанушы: Қазақстан дамудың жаңа жолын бастайды

  • 156
  • UPD: 14:23, 12.04.2019

Әзербайжандық саясаттанушының пікірінше, Қазақстандағы кезектен тыс сайлау ел үшін дамудың жаңа сатысына шығуға алғышарт болары анық.

«Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары қарқын ала түспек», – дейді саясаттанушы.

Ильгар Велизаде, саясаттанушы:

– Қазақстандағы президентті сайлау елдің қоғамдық-саяси өміріне жаңа қарқын беретінін анық. Сыртқы саясатқа келгенде, Қазақстанның ұстанымы өзгермейді. Керісінше, байланыс нығая түсіп, терең мәнге ие болады. Бауырлас Қазақстан халқына ауыспалы кезеңнен абыроймен өтуді тілейміз. Қазақстан мен Әзербайжанның екіжақты қарым-қатынасы бекемдей түседі деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы