379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йигит Әлпдоған: Кезектен тыс сайлауды өткізу шешімі – ауызбіршіліктің дәлелі

  • 164
  • UPD: 14:29, 12.04.2019

Мемлекет тұрақтығының негізгі күші – демократия мен экономикалық даму. Ал осы факторлардың кепілі – сайлау.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдаған жалпыхалықтық сайлау туралы шешімі Қазақстан үшін тиімді. Өйткені әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында ел саяси тұрақтылық пен одан әрі даму мүмкіндігін қамтамасыз ете алады. Түрік еліндегі Еуразиялық зерттеулер орталығы кеңесшісі, бұрынғы Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы Йигит Әліпдоған осындай пікірде.

Йигит Әлпдоған, Еуразиялық зерттеулер орталығы кеңесшісі:

– Бауырлас елде бір айдың ішінде үлкен әрі нақты шешімдер қабылданды. Төрткүл дүниеге үлгі боларлық саяси үдерістер жүзеге асты. Кезектен тыс сайлауды өткізу шешімі – елдегі қалыптасқан ауызбіршіліктің дәлелі. Қазақстанда тұрақтылық саяси партиялар, қоғамда, мемлекет пен жекеменшік кәсіпорындар да орныққандығын көріп отырмыз. 9 маусымға жоспарланған сайлау да ел дамуындағы оң үрдістерді сақтап қалуға мүмкіндік береді. Жаңа бағыттарды жүзеге асыруға кепілдік етеді. Түрік азаматы ретінде, тамырлас елдің шешіміне қолдау көрсетіп, үлкен құрметпен қарайтынымды атап өткім келеді.

Хабар 24 телеарнасы