379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОСК алдағы сайлауға қатысты екі қаулы бекітті

  • 234
  • UPD: 15:40, 12.04.2019

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында президенттікке кандидаттардың ел заңнамасына сәйкестігі туралы қаулы бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ сайлауға шетелдік байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредиттеу 3 маусым күні аяқталатыны белгілі болды. Олар еліміздің сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда ғана сайлауды бақылай алады. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, өткен жылы «Сайлау туралы» Конституциялық заңға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына аудармашы ілесіп жүруге құқылы деген жаңа норма енгізілген.

Зәуреш Баймолдина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

– Президенттік сайлау байқаушыларын шақырту үшін барлық халықаралық ұйымдарға арнайы хат жіберілетін болады. Шетелдік ұйымдардың бірқатар белгілі миссиясы қатысуы мүмкін. Әзірге нақты қанша байқаушы қатысатынын білмейміз. Бірақ бұл жолы олардың тарапынан қызығушылық басым болуы ықтимал. Айта кету керек, 2015 жылы өткен президенттік сайлауға 1024 шетелдік байқаушы қатысқан болатын.

Қаржы министрлігі алдағы Президент сайлауына қарастырылған шығындар сметасын қысқартты. Еліміздің әр аймағындағы қызметтер әр түрлі болғандықтан, саяси науқанға жұмсалатын қаражат оңтайландырылды. Бұл туралы да Орталық сайлау комсиссиясында айтылды.

Сәбила Мұстафина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

– Қаржы министрлігіне өтінімхат жібергенімізге екі күн өтті. Бүгін қорытынды күтіп отырмыз. Бірақ кейбір позициялар қолдау таппады. Ол кейбір шығыстарды оңтайландырумен байланысты. Бұған қоса Қаржы министрлігі өңірлердің баға ұсыныстарын да жіті қарап шықты. Біз сметаны аумақтық сайлау комиссияларының бюджеттік өтінімі негізде жасадық. Ал әр өңірдің өзіндік баға саясаты мен нарықтық жағдайы бар.

Хабар 24 телеарнасы