389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армениялық БАҚ өкілдері кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты ойымен бөлісті

  • 429
  • UPD: 18:09, 12.04.2019

«АрмИнфо» ақпарат агенттігінің басшысы Эммануил Мкртчян Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты дейді. Айтуынша, кезектен тыс президенттік сайлау елге саяси жаңашылдық әкеліп, ел алдында тұрған өр мақсаттардың табысты жүзеге асуын қамтамасыз етеді. 

Үш жарым мың шақырым қашықтықта болғанымен Ереванда еліміздегі жағдайды мұқият бақылап отырады. Бұл түсінікті де, себебі ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ және ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше серіктес елдерміз. Сол себептен «АрмИнфо» агенттігінің сайтында Қазақстан жаңалықтарына бөлек бір тарау бөлінген.

Эммануил Мкртчян, «Арминфо» ақпарат агенттігінің бас директоры:

- Ойымыз Қазақстан жөнінде ақпараттың дәрежесін көтеру болған. Оған қоса бұл елдің экономикалық дамуы, индустриализация қарқыны, өндірісті қалай жаңғыртып жүргені бізге ұнайды. Сайтымыздағы Қазақстанға арналған тарауда экономикалық жаңалықтар мен оларды сараптауға негізгі көңіл бөліп жүрміз.  

Эммануил Мкртчян кезектен тыс президенттік сайлау Қазақстанды дамуындағы жаңа кезеңге жол бастайтынына сенімді.

Эммануил Мкртчян, «Арминфо» ақпарат агенттігінің бас директоры:

- Қазақстан Орталық Азиядағы басты елге айналып отыр. Қазірде биліктің ауысуы қалыпты өтіп жатқаны өте қуантады. Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Технологиялық пен экономикалық жаңғыртуда елдеріңіз талай жетістікке жетті, енді саяси жаңғырту кезеңі басталды. 

«Арменпресс» ақпарат агенттігінің сайтында да Қазақстан жаңалықтары үнемі үлкен қызуғышылық туғызады.

Арам Ананян, «Арменпресс» ақпарат агенттігінің директоры:

- Саяси тұрғыдан қарастыратын болсақ, бұл жақсы ойластырылған үрдіс. Осыны бәрі күткен, себебі президент ауысқаннан кейін қоғам дамуында осындай демократиялық қадам жасау керек болған. Кім болса да, Қазақстанды басқаратын тұлғаға халықтың қолдауы қажет.  

«Арменпресс» агенттігі басшысының пікірінше, Қазақстандағы кезектен тыс сайлау дер кезінде қабылданған орынды шешім. Осының арқасында мемлекетіміз сыртқы саяси байланыстарын нығайтады. Бұл үрдіс экономикаға және инвест-климатқа оң әсерін тигізеді.

Авторлары: Лаура Жүсіпбекова, Тигран Галстян, Давит Атаян

Хабар 24 телеарнасы