389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік сайлау туралы шешімді Германия экономикасының шығыс комитеті қолдады

  • 577
  • UPD: 08:09, 14.04.2019
Президенттік сайлау туралы шешімді Германия экономикасының шығыс комитеті қолдады

Қазақстанда кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімді Германия экономикасының Шығыс комиметі қолдады.

1954 жылы құрылған ұйым Шығыс Еуропа, Оңтсүтік Кавказ және Орталық Азиядағы 29 елдегі неміс кәсібінің мүддесін қорғайды. Бұл ретте қазақ елі Германияның сенімді серіктесі. Орталық Азиядағы алыс-берістің 90 проценті осы Қазақстанға тиесілі. Сондықтан неміс экономикасының Шығыс Комитеті басшысының пікірінше, арадағы қарым-қатынасты одан әрі жалғастыру үшін қазіргі реформалардың жүзеге асуы маңызды.

Михаэль Хармс, неміс экономикасы шығыс комитетітің басқарушы директоры:

- Неміс бизнесі үшін Қазақстанның Тұңғыш Президенті негізін салып кеткен саяси бағдардың сақталғаны жақсы болар еді. Қазақстан біздің стратегиялық маңызды серіктесіміз. Елде саяси тұрақтылықтың сақталуы бүкіл аймақ үшін маңызды. Сондықтан биліктің демократиялық жолмен жаңадан тағайындалатын Президентке өтуі экономиканың дамуына жол ашады деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы