379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде уран өндіруші компанияның басшысы президенттік сайлауға қатысты пікір білдірді

  • 104
  • UPD: 08:34, 14.04.2019
Елімізде уран өндіруші компанияның басшысы президенттік сайлауға қатысты пікір білдірді

Еліміздегі саяси жағдай халықаралық ірі компаниялардың да назарында. Қазақстанда жұмыс істеп жатқан «Орано Майнинг» халықаралық бірлестіктің басшысы Николя Мас кезектен тыс сайлауға қатысты өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, саяси науқан инвесторларға Қазақстандағы жұмыстарын алаңсыз жоспарлауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, «Орано Майнинг» әлемдегі уран өндіруші ірі бірлестіктердің бірі. Компания атом электр станцияларында пайдаланатын отын шығарады.

Николя Мас, «Orano mining» компаниясының бас директоры:

- Біз  үшін елдегі ахуалдың тұрақты және инвесторларға қолайлы болғаны жақсы. Мұндағы компаниямызда 1 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бірлестік жоспаралған жобаларын жүзеге асыра бермек. Сондықтан Қазақстандағы саяси тұрақтылық біз үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы