379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Өзбекстанның ақпарат агенттігіне сұхбат берді

  • 166
  • UPD: 15:36, 14.04.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Өзбекстанның «УзА» ұлттық ақпарат агенттігіне сұхбат берді.

Өз сөзінде ол екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму келешегіне тоқталып, қол жеткізілген нәтижелерді баяндады. Президент қос мемлекеттің бауырмалдығын тілге тиек етіп, болашаққа қойған мақсаттарын ашып айтты. Екі Мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестіктің нығаюына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат  Мирзиёев жетекші рөл атқарды» деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ сауда-экономикалық қатынасты кеңейтіп, шекаралық ынтымақтастықты тереңдету маңызды. Бұл салада екі ел үкіметі өзара сауда көлемін 5 миллиард долларға жеткізуді көздейді. 

«Бір сөзбен айтқанда, еліміз Өзбекстанмен экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын» деді Президент.

Хабар 24 телеарнасы