379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан дамудың озық үлгісін көрсетіп келеді – неміс дипломаты

  • 87
  • UPD: 22:07, 14.04.2019

Қазақстандағы алдағы президенттік сайлау - күллі Орталық Азия үшін маңызы зор науқан.

Бұл неміс дипломаты әрі БҰҰ Бас хатшысының грузин-абхаз мәселелерін реттеу бойынша бұрынғы арнайы өкілі – доктор Дитер Боден пікірі. Сарапшы «жаңа президентке жүктелетін негізгі міндет - елдің қазіргі даму қарқынын бәсеңдетпеу», - дейді.

Дитер Боден, БҰҰ Бас хатшысының грузин-абхазды реттеу бойынша бұрынғы арнайы өкілі (1999-2002 ж)

- Қазақстанда өтетін сайлау ел дамуының маңызды кезеңіне айналмақ. Бұл тек қазақ елінде ғана емес, күллі Орталық Азия аумағы үшін үлкен мәнге ие болмақ. Себебі Қазақстан осыған дейін тұрақты дамудың озық үлгісін көрсетіп келеді. Сондай-ақ Еуропа мен Азия арасын жалғайтын көпірге айналды. Сондықтан біз елдеріңіздің осы құндылықтарды одан әрі дамыта беруін жіті қадағалаймыз. Әрі алдағы науқанды қалт жібермей бақылаймыз.

Хабар 24 телеарнасы