377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы саяси өзгерістер Лондон назарында

  • 93
  • UPD: 20:16, 17.04.2019

Қазақстандағы саяси үдерістер мен жаңаруларға Лондон тарапы баса назар аударып отыр. Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі, Қауымдар палатасының депутаты Алан Данканмен кездесуінде айтты.

Дариға Назарбаева мәртебелі мейманды елімізде болып жатқан саяси үдерістер туралы хабардар етті. Сондай-ақ кездесу барысында  екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен келешегі талқыланды.

Алан Данкан өз кезегінде саяси, экономикалық, қаржылық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтудың ауқымды келешегіне тоқтала келіп, Қазақстанның Орталық Азиядағы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет екенін тілге тиек етті.

Хабар 24 телеарнасы