384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда кезектен тыс президент сайлауын өткізуге дайындық пысықталды

  • 503
Алматыда кезектен тыс президент сайлауын өткізуге дайындық пысықталды

Алматыда Nur Otan партиясының қалалық филиалы басшылары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бас қосып, кезектен тыс президент сайлауына дайындықты талқылады.

Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов, ең бастысы Қазақстанның тұрақты дамуын сақтап, Елбасы ұстанған бағытты жалғастырудың маңызына тоқталды.

«Еліміз үшін бұл маңызды саяси науқанға бір кісідей ат салысып, абыроймен өткізу елдігімізге сын», - дейді «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының директоры Алтынай Көбеева.

Рахман Алшанов, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы:

-   Қазір барлық жерде округтар дайындалды. Дауыс беретін орындар бар. Әкімдіктер оған қызу кірісуде. Соған  байланысты енді қазір тізімде кім дауыс береді, қалай дауыс береді дегендей. Ал енді қазір қоғамдық ұйымдар ішіндегі қоғамдық кеңес, мемлекеттік емес ұйымдардың барлығының жиналғандағы негізгі мақсат сол халықтың пікірін білу, ойы қалай екен, не істейміз деген.

Хабар 24 телеарнасы