379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украиналық саясаткер: Орталық Азия тыныштығы Қазақстанның тұрақтылығымен тікелей байланысты

  • 175
  • UPD: 08:06, 18.04.2019

Қазақстанның өзгерістерге толы саяси өмірін шетел сарапшылары жіті назарда ұстап отыр.

Украинаның саяси шолушысы Виталий Кулик Қазақстанның кезектен тыс президенттік сайлау өткізуіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, Орталық Азияның тыныштығы – Қазақстанның тұрақтылығымен тікелей байланысты.

Виталий Кулик, саясаткер:

– Орталық Азияның экономикалық даму қарқыны бойынша Қазақстан аймақта көш бастап тұр. Елдің ұзақ мерзімді даму стратегиясы және оның реформалары Қазақстанды қуатты мемлекетке айналдырды. Әрине мемлекет осы бағытын сақтап қалу үшін кезектен тыс сайлау науқанын белгіледі деп ойлаймын. Орталық Азиядағы тыныштық үшін Қазақстанның саяси тұрақтылығы аса маңызды.

Хабар 24 телеарнасы