379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арман Абовян: Сайлау – ел дамуын айқындайтын жол

  • 207
  • UPD: 14:08, 18.04.2019

Армян парламентарийлері еліміздегі жаңа саяси үрдістерге түрткі болған шешімдерді қолдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Депутат Арман Абовян «Қазақстанды Орталық Азия аймағының көшбасшысы» деп атап, еліміз халықтың өз еркін білдіруі мен демократиялық таңдауынан айнымайтынын кезекті рет дәлелдегенін айтады. «Гүлденген Армения» партиясының өкілі жаңа президент сайланғаннан кейін қос ел стратегиялық ынтымақтастығын жалғастыратынына сенім білдірген.

Арман Абовян, Армения парламентінің депутаты:

– Қазақстан халқы жасаған таңдау – өте орынды әрі кемел қадам. «Кемел қадам» дегенде, ойыма үнемі Нұрсұлтан Әбішұлы келеді. Елді тұрақты даму жолына орнықтыру үшін расында зор табандылық пен даналық керек. Кім болса да, президент Қазақстан халқының таңдауымен сайланады.

Хабар 24 телеарнасы