379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вагаршак Акобян: Сайлау – ел тұрақтылығының кепілі

  • 220
  • UPD: 15:36, 19.04.2019

«Армения-Қазақстан» парламенттік достық тобының жетекшісі Вагаршак Акобянның пікірінше, кезектен тыс сайлау Қазақстан дамуының тұрақтылығына кепіл болады.

Депутат екі елдің өзара әрекеттесуінің тиімділігін арттыру, атап айтқанда тауар айналымын өсіру бойынша еңбек етіп жүр. Осы бағыттағы жұмыстың нақты жоспарын әзірлеу үшін қос елдің депутаттары биыл Нұр-Сұлтанда бас қосады.

Вагаршак Акобян, Армения Парламентінің депутаты:

– Қазақ халқы кейінгі 20-30 жылда талай белесті бағындырғаны анық. Мұны осы аралықта болған өзгерістерден байқауға болады. Қазақстан – Еуразиялық экономикалық одақтағы негізгі серіктестеріміздің бірі. Қазақстанда сайлау заңды өтіп, халық таңдаған көшбасшысын таңдайды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы