379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ақ Жол» партиясының съезіне Ақтөбеден 6 делегат қатысады

  • 195
  • UPD: 20:19, 24.04.2019
«Ақ Жол» партиясының съезіне Ақтөбеден 6 делегат қатысады

Алда өтетін саяси науқанға Қазақстанның «Ақ Жол» партиясы қызу дайындалып жатыр.

Өңірлердегі филиалдар партияның 15 съезіне қатысатын делегаттар тізімін түзуде. Айталық, Ақтөбеде облыстық партия ұйымы конференция өткізіп, 6 делегатты анықтады. Конференцияда партия жарғысында көрсетілген міндеттердің орындалуы сөз болды. Бұған дейін атқарылған жұмыстар қортындыланып, партияның араласуымен біраз әлеуметтік мәселенің шешімін тапқаны айтылды. Жалпы саяси институттың ұстанымы - шағын және орта бизнесті қолдап, кәсіпкерлер құқығын қорғау. Сонымен бірге жемқорлықпен күрес мәселесін  басты назарда ұстайды. Партияның 15-съезінде кезектен тыс өтетін Президент сайлауына үміткер ұсынылуы тиіс. Айта кету керек, еліміз бойынша партияның 250 мың мүшесі бар.

Дәния Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Көптеген басқа да сұрақтар көтереміз. Біздің сауалымыз бойынша мына балалар педиатриясы дейміз, сол көптеген емханаларда жабылып қалды, осы біздің партияның сауалы бойынша институтта педиатрия факультеті ашылды. Әрбір поликлиникада детский педиатр деген бар. Тағы да басқа халықтың көптеген нәрсесін шешіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы