377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ: Қазақстандағы өзгерістер бейбіт және демократиялық жолмен өтіп жатқаны өте маңызды

  • 261
  • UPD: 08:38, 20.04.2019

Мирослав Енча түрлі аймақтарда туындайтын мәселелермен айналысады.

Қызмет бабымен дүниені шарлап, талайды көрген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстанда тұрақтылық сақталып, ұлттық даму жоспарларының дерлік жүзеге асатынына сенімді.

Мирослав Енча, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі:

- Қазақстандағы өзгерістер бейбіт және демократиялық жолмен өтіп жатқаны өте маңызды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен жылы қарым-қатынаста болды. Ең алдымен, Гутерриш пен Нұрсұлтан Назарбаев арасында өте жақсы байланыс орнағанын айтқым келеді. Бұған Гутерриштің Қазақстанға жасаған сапары дәлел. Біз Тұңғыш Президент Назарбаев пен ол бастаған Қазақстан үкіметінің бастамаларын жоғары бағалаймыз. Бұл - Семейдегі ядролық полигонның жабылуы әрі ядролық қарудан ада әлем үшін күресті жалғастыруы. 

Мирослав Енча тұрақты дамудың 17 мақсатына жетудегі Қазақстанның қолдауын ерекше атады. Бұл міндеттер БҰҰ-ның бас бағдарламасы саналады. Сондай-ақ Бас хатшының көмекшісі еліміздің Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастыққа қосқан үлесі және шиеленістерді шешудегі ерекше орны туралы да айрықша атап өтті.

Мирослав Енча, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі:

- Ең алдымен, Астана процесін атағым келеді. Ол Сириядағы жағдайды реттеуге және ұзаққа созылған осы шиеленісті шешу жолдарын табуға зор үлес қосты. Қазақстан 2017-2018 жылдары Қауіпсіздік Кеңесінің  тұрақты емес мүшесі ретінде БҰҰ жұмысына белсенді қатысқанын айту қажет. Нұрсұлтан Назарбаев жеке өзі түрлі бастамалар ұсынып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін осы басты органның жұмысында елеулі із қалдырды.

Мирослав Енча Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы халықаралық ұйымдағы жұмысын да жоғары бағалайды.

Мирослав Енча, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі:

- Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесін басқарған. Оның жетекшілігімен мекеменің жұмысы айтарлықтай жақсарды, мәселен, Женевадағы ұйым құрылымдарының үйлесімі өсті. Әрине, Қазақстандағы түрлі жоғары лауазымдардағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбегін, аймақтық ынтымақтастыққа қосқан үлесін жақсы білеміз.

Авторлары: Майра Абдрахманова, Ренат Садыров

Хабар 24 телеарнасы