378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы ауылына жұмыс сапарымен барды

  • 337
  • UPD: 19:29, 20.04.2019

Елорда іргесіндегі Қосшы ауылында жаңа білім ошағы салынады. Мектеп 1200 оқушыға арналады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысу кезінде хабарлады.

Білім инемен құдық қазғандай. Халқымыз бұл нақылды тегін айтпаса керек. Әсіресе, бүгінгі қоғамда өміршең сипатқа ие. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақмола облысына қарасты Қосшы ауылында болып, №1 мектепке барды. Бұл елдімекен бас қалаға бар жоғы 20 шақырым жерде орналасқан. Қосшы ауылы тұрғындарының дені елордада жұмыс істейді. Елдімекенде халық тығыз орналасқан. Сондықтан жергілікті білім ошақтары мен қызмет көрсету орындары екі есе ауыртпалықпен жұмыс істейді. Ауылда тағы бір мектеп салу мәселесінің көтеріліп жүргені көп болды. Жағдайды өз көзімен көруге барған мемлекет басшысы өзекті жайтты шешіп беретінін жеткізді. 

- Ұстаздар қауымы атынан сізге өтініш болып тұр. Рұқсат етсеңіз. Облыс көлемінде 11 мектеп үш ауысымда. Соның алтауы осы Целиноград ауданында. Солардың бірі біздің мектеп. Осы мәселенің шешіміне сіздің ықпалыңыз қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жарайды. Менің назарымда бұл мәселе. Амандық болса, осы мәселені шешеміз біз. Тез арада бір күннің ішінде шешілмейтін мәселе. Дегенмен, бірте-бірте бұл мәселені міндетті түрде шешіп береміз. Мен білем бұл мәселені. Бұл үлкен маңызды мәселе. Былай айтқанда ресми бұл ауданда 16 мың адам тұру керек. Шын мәнінде 50 мыңнан астам. Бұл не деген сөз. Бұл ауданның әлеуметтік жағдайына кері әсер етеді. Әлеуметтік көмек көрсету керек, қызмет ету керек. Сондықтан бұл мәселені шешеміз.

Президент бұл сапары арқылы ауыл мәселесіне бей-жай қарамайтынын аңғартты. Бүгінгі демалысқа қарамастан бүтіндей бір ауылдың жағдайын бағамдап қайтты. Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы әлеуметтік желі арқылы халықтың көкейтесті сауалдарын жіті бақылауында ұстап отыр. Ал Қосшыда салынатын жаңа мектеп 1200 орынға шақталған.

- Бізден кейінгі ұрпаққа осындай мектеп салып беріп жатқаныңызға өте рахмет. Біз сіздерге алғысымызды айтамыз. Бізден кейінгі кішкентай балаларға осылай жаңа мектепте оқитынына алғыс айтамыз.

- Амандық болса, жаңа мектепті салып береміз. Учитесь хорошо. Это - сила. В будущем именно знание будет прокладовать вам дорогу. Сондықтан білімді адам болыңдар.

Осыдан бірнеше апта бұрын, Қосшы елді мекеніндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауызсусыз қалған еді. Мәселеге тікелей Қасым-Жомарт Тоқаев араласып, тиісті шешімі табылды. Қазір атқамінерлер проблеманы түбегейлі жоюды көздеп отыр. Дегенмен, құрғақ уәдеден іске тезірек көшу қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында инженерлік-көліктік инфрақұрылыммен танысып, жергілікті су тарату станциясының да жұмысын көрді.

Ауылды электр қуатымен жабдықтау жайы басты назарда болды. Кез келген істе кемшілік кездесуі мүмкін. Дегенмен, оны тез арада реттеу керек. Сондықтан жергілікті әкімдік өкілдеріне сыннан сабақ алу міндеттелді. 

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Алмас Омарғалиев

Хабар 24 телеарнасы