379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 258
  • UPD: 18:12, 20.04.2019
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жол апаты салдарынан көз жұмған Өзбекстан азаматтарының ауыр қазасына байланысты көңіл айтты.

«Орны толмас қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шынайы көңілімізді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қайта қауышуына тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы