378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинадағы қазақтар елімізде өтетін президент сайлауына орай үндеу жолдады

  • 234
  • UPD: 21:49, 20.04.2019

Украинадағы қазақ диаспорасының өкілдері кезектен тыс өтетін президенттік сайлауды қолдайтындарын айтып үндеу жолдады.

Үндеуде «Сайлау өткізу туралы шешім дер кезінде және орынды қабылданып отыр. Біз жырақта жүрген қазақ қоғамы сайлауға белсенді қатысамыз. Бұл шара әрқайсымыз үшін маңызды» делінген.

Марик Жангутинов, Украинадағы қазақ диаспорасының жетекшісі:

- Украинадағы қазақ қоғамының көшбасшысы ретінде осы елде тұрып жатқан қазақтардың және Қазақстан паспорты бар азаматтардың атынан біз елдегі демократиялық өзгерісті қолдаймыз деп мәлімдеймін. Кезектен тыс президенттік сайлау біз үшін де өте маңызы бар. Ата Заңымыз сайлауды әділ өткізуге мүмкіндік береді және шетелдегі қазақтар сайлау науқанын жан-жақты қолдайды.

Хабар 24 телеарнасы