379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ Шри-Ланкадағы терактіге қатысты мәлімдеме жасады

  • 217
  • UPD: 17:47, 21.04.2019
ҚР СІМ Шри-Ланкадағы терактіге қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Шри-Ланкадағы лаңкестік актілерге қатысты мәлімдеме жасады.

«Қазақстан 2019 жылы 21 сәуірде Шри-Ланка астанасы Коломбода, сондай-ақ Негомбо және Баттикалоа қалаларында бейбіт адамдардың өмірін қиған террористік актілерді қатаң түрде айыптайды», - деп жазылған ҚР СІМ мәлімдемесінде. Сонымен қатар онда Қазақстан терроризмнің барлық түрін айыптайтыны және әлемдік қоғамдастықтың осы зұлымдыққа қарсы күресінде ұжымдық әрі батыл іс-қимылдарды қабылдауын қолдайтыны атап өтілген.

«Осы адамгершілікке жат акцияларды ұйымдастырушылар анықталып, тиісті жазасын алуы керек деп санаймыз. Лаңкестік салдарынан қаза болғандардың жақындарына, Шри-Ланка халқы мен Үкіметіне қайғырып көңіл айтамыз», - делінген министрлік хабарламасында.

Соңғы мәліметтер бойынша Шри-Ланкада сегіз жарылыс болды. Шетелдік БАҚ-тың мәліметтінше, қаза болғандардың саны 180-нен асты, тағы 500 адам зардап шекті. Көз жұмғандардың арасында шетел азаматтары да бар.

Хабар 24 телеарнасы