378.59 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея президенті «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды

  • 251
  • UPD: 13:29, 22.04.2019
Оңтүстік Корея президенті «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды astana.gov.kz

Оңтүстік Корея басшысы Мун Чже Ин «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Шараға елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қатысты. Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің Қазақстан Республикасына сапары 21 және 23 сәуір аралығын қамтиды. Оңтүстік Кореяның басшысы мен оның жұбайы Ким Чжон Сук Нұр-Сұлтан қаласына 20 сәуірде келген болатын. Бүгін таңертең олар «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар Отан үшін жанын қиған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін қос елдің әнұрандары шырқалды. Содан соң Корея басшысы мемлекет басшыларының аллеясына ағаш отырғызды. Мұнда Қазақстан астанасына келетін түрлі елдердің мемлекет басшылары дәстүрге сай тал егеді. Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин сапары барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты кездесулерге, сондай-ақ Қазақстан-Корея бизнес-форумына қатысады деп жоспарлануда.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы