378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Лингвистикалық комиссия кандидаттарға қойылатын талаптарды бекітті

  • 203
Сайлау 2019: Лингвистикалық комиссия кандидаттарға қойылатын талаптарды бекітті

Қазақстан президенттігіне үміткерлер мемлекеттік тілден 3 кезеңнен тұратын емтихан тапсырады. Бұл жөнінде лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков мәлімдеді. Бүгін комиссия мүшелерінің алғашқы отырысы өтіп, кандидаттарға қойылатын талаптар бекітілді.

Атап айқанда, үміткер бірінші кезеңде конвертте жасырылған тақырыпқа жазбаша жұмыс тапсырады. Екінші кезеңде комиссия ұсынған көлемі үш беттен аспайтын мәтінді дауыстап оқиды. Ал үшінші кезеңде лингвистикалық комиссия берген тақырыпта сөз сөйлеуі тиіс.

Мырзатай Жолдасбеков, лингвистикалық комиссия төрағасы:

- Тақырыптардың бәрі емтихандағыдай конвертке салынады. Оның бәрі бекітілді. Президент болатын адам қазақ халқының тарихын, оның мәдениетін, Қазақстанның жетістіктерін жақсы білу керек деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы