378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Елбасының стратегиялық бағытын жалғастыру үшін сайлауға барамын

  • 221
Қ.Тоқаев: Елбасының стратегиялық бағытын жалғастыру үшін сайлауға барамын

«Сенімге серт беріп, үлкен үміттің үдесінен шығу үшін бар қажыр-қайратымды жұмсаймын». Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының атынан президентікке кандидат ретінде ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде осылай деді.

Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың іргесі берік, өзегі мықты, қуатты мемлекет құрғанын атап өтті. Сондықтан Елбасының жеңісті, жемісті жолын жалғастыруды аса мәртебелі міндет әрі қасиетті парыз  санайтынын жеткізді.

Тұңғыш Президент Қазақстанның даму стратегиясын түзді. Енді оны тек іске асыру қалды. Бұл ретте  Қасым-Жомарт Тоқаев, халқымыздың мүддесін қорғап аянбай еңбек ететінін атап өтіп, осы міндетті іске асыру үшін сайлауға түсетінін айтты. Президенттің пікірінше, алдағы науқан билік пен қоғамның тікелей диалог құруына, еліміздің саяси жаңғыруына тың серпін береді.

Хабар 24 телеарнасы