388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды

  • 913
  • UPD: 17:47, 23.04.2019

Nur Otan партиясы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының  Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттарын өткізді.

Онда кандидаттың сайлауға түсуге қатысты өтініші, өмірбаяндық деректері, жарнаны төлегенін растайтын құжат, жоғарғы білімі және мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі жайлы ақпараттар көрсетілген. Естеріңізге салайық, Нұр Отан партиясының кезектен тыс сьезінде алдағы президенттік сайлауда үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы