384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев лингвистикалық комиссияның сынағынан өтті

  • 614
  • UPD: 09:36, 24.04.2019

ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев  лингвистикалық комиссияның сынағынан сүрінбей өтті.

Nur Otan партиясының атынан ұсынылған кандидат билетте көрсетілген тапсырмаларды толық орындады. Шамамен 1,5 сағатқа созылған емтиxан үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде Қ.Тоқаев Абай Құнанбаевтың поэзиясы мен қара сөздері тақырыбында жазба жұмысын тапсырды. Екінші кезеңде Шерxан Мұртазаның «Мыңбұлақ» туындысынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырмаға сай Қазақстанның геосаяси жағдайы жайында ой толғады. Комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық тапсырманы жақсы орындады және мемлекеттік тілді меңгергенін дәлелдеді.

Мырзатай Жолдасбеков, ҚР ОСК жанындағы лингвистикалық комиссия төрағасы:

- Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірінші жазба жұмысын жазған кезде Абайдың поэзиясы туралы, Абайдың қара сөздері туралы оның жалпы халыққа беретін маңызы туралы бүгінгі үміткеріміз өте терең жазған. Өте әдемі жұмыс. Біз бұл жұмыстан бір қате көрген жоқпыз. Шерxан Мұртазаның «Мыңбұлақ» деген әңгімелер хикаяттар жинағын өзі таңдап алды. Соның үш бетін оқыды. Мәнерлеп ырғағыменен өте жақсы оқыды. Осыған біз таң қалдық. Ал қазіргі Қазақстанның геосаясаты туралы ол кең толғады. Терең сөйледі. Лингвистикалық комиссияның келген қорытындысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік тілді толық әрі жан-жақты меңгерген.

Хабар 24 телеарнасы