377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ақ Жол» партиясынан президенттікке үміткер ретінде Дания Еспаева таңдалды

  • 281
  • UPD: 21:38, 24.04.2019

Бүгін «Ақ Жол» демократиялық партиясы кезектен тыс съезін өткізді.

Жиында алдағы сайлауға қатысатын кандидат таңдалды. Партияда өз-өзін ұсынған 6 адам бар екен. Қызу пікірталас және көпшілік дауыс нәтижесінде саяси науқанға Дания Еспаева қатысады деген шешім қабылданды.

«Ақ Жол» партиясының кезектен тыс съезіне еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық адам жиналды. Бұл әр өңірдегі бөлімшелердің өкілдері. Күн тәртібіндегі жалғыз мәселе - сайлау. Яғни алдағы саяси науқанға партия ұсынатын үміткер мен партияның сайлауалды бағдарламасы нақтыланды.

Азат Перуашев, «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- «Ақ Жол» партиясында 6  бірдей адам сайлауға қатысуға ниет танытқан. Әрқайсысы жеке-жеке мінберге көтеріліп, өз ұстанымдарын таныстырды. Қойылған сұрақтарға жауап берді. Әсіресе, көпшілігі елдегі әлеуметтік жағдай, зейнетақы жүйесі және ауылдардың тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелер көтерілді. Кейін олардың пікірлері мен ұсыныстары сараланып, жасырын дауыспен сайлауға түсетін үміткер ретінде Дания Еспаева таңдалды.

Дания Еспаева Ақтөбе өңірінде дүниеге келген. Экономист мамандығын игеріп, банк саласында біраз қызмет етті. «Құрмет» орденімен марапатталған. 2016 жылдан бері Парламент Мәжілісінің депутаты.

Авторлары: Аслан Қаженов, Ермек Кеңшібек

Хабар 24 телеарнасы