378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Ұлттық банктің 2018 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша кеңес өткізді

  • 127
  • UPD: 23:53, 24.04.2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің 2018 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша кеңес өткізді.

Онда мемлекет басшысы қаржы ахуалына байланысты инфляция деңгейін төмендету жөніндегі қабылданған шаралардың оң ықпалын атап өтті. Ал Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде баяндады. Мұнан бөлек Мемлекет басшысына теңгені айырбастау бағамының ахуалы мен оған сыртқы және ішкі факторлардың әсері, сондай-ақ, еліміздің сыртқы қарызының азайғаны және шетелден тартылған инвестиция көлемінің артқаны жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев банктер активтерінің сапасына бағалау жүргізудің және «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырудың қажеттігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгінде еліміздегі макроэкономикалық ахуал тұрақты. Былтыр ішкі жалпы өнім 4,1 процентке өсті. Инфляция бекітілген дәлізінде сақталып, 5,3 пайызды құрады. Үкімет пен Ұлттық Банк макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру жөнінде алғаш рет келісімге келді.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы:

- Ұлттық банктің жақында шығарған шешімінің қорытындысы бойынша базалық мөлшерлеме 9% төмендеді. Бұл тартылған қаржының құнын төмендету үшін қосымша мүмкіндік береді және келешекте кәсіпкерлік, әсіресе шағын бизнес үшін несие мөлшерлемесіне ықпал етеді деп санаймыз. Сіздің Маңғыстау облысына жұмыс сапарыңыздың барысында  берген тапсырмаңызды орындау аясында біз Үкіметпен бірлесіп, алғашқы қадамдарды жасадық.

Хабар 24 телеарнасы