378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Таспихов Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды

  • 259
  • UPD: 13:27, 25.04.2019

ҚР Кәсіподақтар федерациясы президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынған Амангелді Таспиxов бүгін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.

Талапқа сай үміткер 7 құжатты өткізу керек. Олар қоғамдық бірлестіктің сайлауға түсетін кандидатты ұсыну туралы xаттамасының көшірмесі, кандидаттың дауысқа түсуге келісім беруі туралы өтініш, өмірбаяндық деректер, сайлау жарнасын Орталық сайлау комиссиясына енгізгенін растайтын құжат, жеке куәлігі мен дипломдарының көшірмесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі туралы мәліметтер. Комиссия мүшелері Амангелді Таспиховтың құжаттарын қабылдап, протоколға қол қойды. Енді құжаттардағы деректерді мемлекеттік мекемелер тексеретін болады. Кәсіподақ федерациясының атынан шыққан кандидаттыққа үміткерді тіркеу рәсімі мұнымен аяқталмайды. Амангелді Таспихов лингвистикалық комиссияға қазақ тілінен емтихан тапсырады. 

Амангелді Таспихов, БҚО Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:

- Емтиханда, қазақ тілін білетін адам болғандықтан, қазақ тілінде оқимын, ойлаймын, уайымдаймын, армандаймын. Сондықтан оған ешқандай да дайындығым жоқ. Менің қазақ тілін білетіндігімді-білмейтіндігімді тексеретін болады. Соған дайынмын. Менің ойымша, комиссия қазақ тілін біле ме, білмей ме? Қазақша сөйлей ала ма, сөйлей алмай ма, соны тексеретін болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы