378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Д. Еспаева құжаттарын тапсырды

  • 160
  • UPD: 21:36, 25.04.2019

«Ақжол» демократиялық партиясынан президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Дания Еспаева бүгін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуынша, талап етілетін тиісті қағаздардың барлығын ұсынған. Енді комиссия мүшелері құжаттардың заңға сәйкестігін қарайды. Одан соң Дания Еспаева үш кезеңнен тұратын емтиханды тапсырады. Екі сағаттық сынаққа партияның мүшесі дайын екендігін айтты.

Атап өтейік, Дания Еспаева Ақтөбе өңірінде дүниеге келген. Экономист мамандығын игеріп, банк саласында қызмет етті. «Құрмет» орденімен марапатталған. 2016 жылдан бері Парламент Мәжілісінің депутаты.

Хабар 24 телеарнасы