379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОСК Қ.Тоқаевтың кандидатурасын конституциялық талаптарға сәйкес деп таныды

  • 413
  • UPD: 18:07, 26.04.2019

Орталық сайлау комиссиясы Nur Otan партиясынан президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы конституциялық талаптарға сәйкес екендігін жариялады.

Мұның алдында Nur Otan партиясының өкілдері Орталық сайлау комиссиясына президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттаманың көшірмесін, сайлау жарнасының төленгендігін куәландыратын құжатты, Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны мен жеке басын куәландыратын құжатты, жоғары оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмесі мен мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді ұсынған болатын. Тиісінше Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салып, қажетті мәліметтерді алды. Енді Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол жинауға арналған парақтар беріледі.

Хабар 24 телеарнасы