389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Астана процесінің 12-раунды өтеді

  • 415
  • UPD: 20:06, 25.04.2019

Астана процесінің 12-кездесуіне қатысу үшін елордаға шетелдік делегаттар келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас қалаға бірінші болып Ресей президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лавреньтев бастаған ресейлік делегация ат басын тіреді. Иранның мүддесін осы елдің сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі аға көмекшісі Али Асгар Хаджи қорғайды. Ал Анадолы елінен Түркия сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал келді. Сонымен бірге Қазақстан астанасында өтетін келіссөздерге Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция, Біріккен ұлттар ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы мен Қызыл Крест халықаралық комитетінің өкілдері, сондай-ақ Иорданиядан бақылаушылар да қатысуда. Бүгін Біріккен ұлттар ұйымы бас хатшысының арнайы өкілі Гейр Педерсон де келмек. Ол ертең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:00-де басталатын кездесуге алғаш рет қатыспақ.

Хабар 24 телеарнасы