377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Семейге жұмыс сапарымен барды

  • 205
  • UPD: 12:23, 26.04.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың борты осы сағатта Семей әуежайына қонды.

Бұл Президенттің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде тоқтайтын алғашқы қаласы.

Азамат Алдоңғаров, тілші:

- Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысы бойынша жұмыс сапары ресми түрде басталды. Санаулы уақыт бұрын Семей әуежайына президент борты қонды. Қасым-Жомарт Тоқаевты траптан облыс басшылығы қарсы алды. Траптан Президентке өткен жылы күрделі жөндеуден өткен ұшып қону жолағы, әуежай ғимараты таныстырылды. Отыз жыл бойы жөндеу көрмеген әуежай «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жаңартылған. Жөндеуден кейін ұшақтардың жолы ғана емес, ұшу жиілігі де түзелгенін айта кету керек. Алматы, Өскемен, Үржар бағыттары Нұр-Сұлтан, Мәскеу әуе бағыттарымен толығыпты. Жоспарға сәйкес, Мемлекет басшысы бастаған делегация Қазақ инновациялық гумманитарлық-заң университетіне соқты. Ол жерде Президентке Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалу барысы таныстырылды. Сондай-ақ университет қабырғасында Президент Семей халқымен кездесу өткізді. Осыдан кейін күн тәртібінде Семей қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына барып, Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа қалашықтың құрылыс барысымен танысу жоспарпланған. Дәл қазір үлкен делегация құрылыс алаңына жетуі тиіс. Президенттің семейлік сапарының қорытындысымен қорытынды жаңалықтарымызда толығырақ айтып береміз. Жұмыс сапары әлі де жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы