379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дания Еспаева мемлекеттік тілден сынақ тапсырды

  • 237
  • UPD: 23:26, 26.04.2019

Күннің екінші жартысында «Ақ жол» демократиялық партиясының атынан ұсынылған үміткер Дания Еспаева емтихан тапсыруға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үміткер алғашқы кезеңде «Ұлы даланың жеті қыры» атты тақырыбына екі беттік шығарма жазды. Кейін Мұқағали Мақатаевтың «Аманат» кітабын таңдап, ақиық ақынның өлеңдерін оқыды. Ал соңғы тапсырмада «Қоғам және демократия» тақырыбына ой толғады. Емтихан тапсырушы өзіне берілген уақытты тиімді пайдаланған.

Айта кетейік, Дания Еспаева Ақтөбе өңірінде дүниеге келген. Экономист мамандығын игеріп банк саласында біраз қызмет етті. «Құрмет» орденімен марапатталған. 2016 жылдан бері Парламент Мәжілісінің депутаты.

Сейіт Қасқабасов, лингвистикалық комиссияның мүшесі:

- Өзін саяси жағынан танытып, қоғамның хал-ахуалын жақсы білетінін көрсетті. Біздің сұрақтарымызға жауап берді. Комиссия мүшелері дауыс бере келе «Дания Мәдиқызы Еспаева мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытындыға келдік.

Хабар 24 телеарнасы