389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК Сәді-Бек Түгелдің кандидатурасын конституциялық талаптарға сай деп таныды

  • 735
  • UPD: 23:25, 26.04.2019

2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Сәді-Бек Түгелдің Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау туралы қаулы жарияланды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, 56-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Сәді-Бек Түгел Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылған талаптарға сәйкес екені анықталсын.
  2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Республика астанасының сайлау комиссиялары Сәді-Бек Түгелге Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтарын берсін.
  3. Осы қаулы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларына орындау үшін жіберілсін.

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Төрағасы                                                         Б. Имашев

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

хатшысы                                                         С. Мұстафина 

Хабар 24 телеарнасы