378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат спикері депутаттарға бірқатар міндет жүктеді

  • 110
  • UPD: 23:29, 26.04.2019
Сенат спикері депутаттарға бірқатар міндет жүктеді

Мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіріп, жергілікті өзін-өзі басқаруды толыққанды жұмыспен қамтамасыз ету керек.

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева елордалық мәслихаттың депутаттарына осындай міндеттер жүктеді, деп хабарлайды «Хабар 24». «Қолданыстағы заңнама жергілікті билік органдарына айтарлықтай өкілеттік береді. Бюджет қаражатын жұмсаудың басымдықтарын анықтау, қолда бар қаржыны дұрыс бөлу мәслихат депутаттарына байланысты», – деді Сенат спикері. Ал мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов көшпелі комиссия тұрақты түрде жұмыс істейтінін әрі депутаттар тұрғындармен жиі кездесетінін мәлімдеді. Дариға Назарбаева өз кезегінде үлестік құрылыстардың мәселелері, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету, қалалық инфрақұрылымды жақсарту сынды бағыттарға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Бюджеттік тұрғын үй мен жатақхана салуға кәсіпкерлерді тартуды ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы