378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Бүгінгі сайлаушылардың талғамы жоғары

  • 153
  • UPD: 23:27, 26.04.2019
Сарапшы: Бүгінгі сайлаушылардың талғамы жоғары

Бүгінгі сайлаушылардың көзі ашық, талғамы жоғары.

Сондықтан  президенттіктен үміткерлер өз бағдарламаларын терең зерделеп әзірлеуі тиіс. «Халық құр уәдеге сенбейді, оларды толғандырған басты мәселелер назардан тыс қалмауы керек». Бұл – Қазақ ұлттық университетінің Саясаттану кафедрасының меңгерушісі Гүлнәр Нәсимованың пікірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гүлнәр Нәсимова, саясаттану ғылымдарының докторы:

- Сайлаушыларды, ең алдымен, өздерінің әлеуметтік ахуалы, экономикалық жағдайы толғандырады. Сондықтан, үміткерлер өз бағдарламаларында осы мәселелердің шешу жолын нақты көрсетуі тиіс. Сөздің шыны керек, тек осылай ғана сайлаушылардың белсенділігін арттыруға болады. Сайлау учаскелеріне келіп дауыс беретін азаматтардың көп болғаны жақсы. Осыған дейінгі президенттік сайлауларға келушілердің көрсеткіші жоғары болған.

Хабар 24 телеарнасы