378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық металлургтер таңдау жасауға әзір

  • 201
  • UPD: 23:27, 26.04.2019
Павлодарлық металлургтер таңдау жасауға әзір

Ертіс өңіріндегі алюминий зауытының қызметкерлері Президент сайлауына бірауыздан қатысып, өз таңдауын жасайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақ металлургтері осындай ойларын ел болашағын айқындайтын саяси науқанға орай ұйымдастырылған шара барысында жеткізді. Кәсіпорын еңбекшілері сайлауда белсенділік таныту әр азаматтың борышы деп біледі. Сондықтан жиын барысында облыс тұрғындарын таңдау жасауға шақырды.

Жанасыл Батхолдин, алюминий зауытының инженері:

- Келе жатқан сайлауға әр азамат қатысуы міндетті деп ойлаймын. Өйткені бұл сайлау біздің болашағымыз үшін өте маңызды. Оған мен ғана емес, зауыттағы бүкіл жастар қатысады деп ойлаймын. Өйткені бұл – болашағымыз үшін маңызды қадам.

Хабар 24 телеарнасы