378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Павлодар мұнай-химия зауытына барды

  • 232
  • UPD: 19:44, 27.04.2019

Мемлекет басшысы Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында мұнай-химия зауытының жұмысымен танысты.

Қазақстан Президентіне кәсіпорынның қазіргі уақытта автомобиль жанармайын, реактивті двигательдерге арналған жанармай отынын, дизельді және қазандық отынын, өзге де мұнай өнімдерін, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық мақсатта газ өндіретіні туралы баяндалды. Зауыттың жылдық қуаты 5,1 миллион тонна. Оның өнімдері ішкі нарыққа жеткізіледі, сонымен қатар Ресейге, Өзбекстанға, Қытайға, АҚШ-қа, Нидерланд еліне, Италияға және Украинаға экспортталады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында өндірістік қуатына ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілген Павлодар мұнай-химия зауытының ел экономикасындағы ролі ерекше екенін атап өтті.

Кәсіпорын жұмысшылары отандық өндіріске қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

Хабар 24 телеарнасы