389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Т.Рақымбеков лингвистикалық сынақтан өтті

  • 600
  • UPD: 17:27, 27.04.2019

Президенттік сайлауға «Ауыл» партиясы атынан ұсынылған үміткер Төлеутай Рақымбеков мемлекеттік тілді жетік меңгергенін дәлелдеп, лингвистикалық комиссияның сынағынан сәтті өтті.

Бұл туралы брифингте комиссия мүшесі Ерден Қажыбек хабарлады. Төлеутай Рақымбеков «Күшіміз бірлікте» тақырыбына шығарма жазып, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді оқыды. Артынша «Елордамыз-тәуелсіздік нышаны» тақырыбында баяндама жасады. Ерден Қажыбектің айтуынша, комиссия мүшелері «Ауыл» партиясы үміткерінің мемлекеттік тілді жетік меңгергенін бірауыздан мойындады.

Ерден Қажыбек, лингвистикалық комиссияның мүшесі:

-Тапсырманы орындау барысында үміткер негізі өте жоғары деңгейде мем. тілді меңгергенін анық көрсетті. Жазылымда 2-3 техникалық қате болды. Негізі стиль жағынан, сөз саптауы жағынан, сауаттылық жағынан қай жағынан қарасақ та, сөзсіз мемлекеттік тілді толық меңгерген деген баға алды.

Хабар 24 телеарнасы