379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Жастар бастамаларын дамыту орталығына барды

  • 224
  • UPD: 18:13, 27.04.2019
Мемлекет басшысы Жастар бастамаларын дамыту орталығына барды

Қазақстан Президенті «бір терезе» қағидаты бойынша жастарға қызмет көрсететін республикадағы алғашқы мекемеге – Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығына барды.

Бұл орталық аймақ жастарына жұмысқа орналасу, мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламаларына қатысу, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық көмек көрсетеді. Жастарды құқықтық, психологиялық тұрғыдан қолдау және кәсіби бағдар беру орталық жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Мұнда айына 2 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіледі.  

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға айтқан сөзінде Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасының өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлгенін атап өтті. Мемлекет басшысы жастардың барлық бастамаларына қолдау көрсете беретінін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы