389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президентікке үміткер ретінде ұсынылған А.Таспихов барлық талапқа сай келеді – ОСК

  • 748
  • UPD: 19:57, 27.04.2019
Президентікке үміткер ретінде ұсынылған А.Таспихов барлық талапқа сай келеді – ОСК

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткер ретінде ұсынылған Амангелді Таспиховтың ҚР Конституциясы және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтау туралы қаулы қабылдады.

Қаулы жобасын ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина таныстырды. Ол 2019 жылдың 25 сәуірінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты президенттікке үміткер ретінде ұсынуына байланысты оның тиісті құжаттарын ҚР Орталық сайлау комиссиясына өткізгенін еске салды. Орталық сайлау комиссиясы үміткер Амангелді Таспиховтың Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруге жәрдемдесуі үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салды және тиісті мәліметтер алды. 2019 жылдың 26 сәуірінде ҚР Орталық сайлау комиссиясында үміктердің мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау жөнінде лингвистикалық комиссияның отырысы өтті және комиссия үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгергені жөнінде шешім қабылдады. Сонымен бірге, Орталық сайлау комиссиясы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің мәліметтері негізінде Амангелді Таспховтың Қазақстанда туғанын, ҚР азаматы екенін, соңғы 15 жылда Қазақстанда тұрғанын анықтады. Оның жоғары білімі бар, сотталмаған, сыбайлас жемқорлық бойынша жауапқа тартылмаған, белсенді сайлау құқығына ие және мемлекеттік қызметте және сайланбалы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар. ҚР ОСК қабылдаған қаулының 1-тармағында үміткер Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Заңында қойылған талаптарға сай келетіні айтылған. Екінші тармақта облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Қазақстан Республикасы астанасының сайлау комиссияларына Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерді қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын Амангелді Таспиховқа беру тапсырылған.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы