378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талғат Ерғалиев президенттікке үміткер ретінде ұсынылды

  • 286
  • UPD: 21:10, 27.04.2019
Талғат Ерғалиев президенттікке үміткер ретінде ұсынылды

«Қазақстан Құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі» Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде Талғат Файзуллаұлы Ерғалиевті ұсынды.

2019 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Қазақстан Құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі» Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде Талғат Файзуллаұлы Ерғалиевтің мынадай құжаттарын ұсынды:

1. «Қазақстан Құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі» жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидатты ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;

2. Талғат Файзуллаұлы Ерғалиевтің Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші;

3. Өмірбаяндық деректері;

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері;

7. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар.

ҚР ОСК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы