379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Р.Дженнингс: Дін халыққа жік салатын бүкіл құбылысқа төтеп береді

  • 140
  • UPD: 15:26, 28.04.2019

АҚШ-тың шіркеу өкілдері дінаралық диалог жүргізуге бағытталған Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Нұрсұлтан қаласында ұйымдастырылатын әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жиынын қолдайды. Америкалық ғалым, мәдениеттанушы Росс Дженнингстің пікірінше, форум әлемдегі бейбітшіліктің орнауына үлес қосады.

Росс Дженнингс, мәдениеттанушы:

- Дін халыққа жік салатын бүкіл құбылысқа төтеп береді. Иудаизм, ислам, христиан, будда және өзге де діни ілімдерге көз салсаңыз, олар көршілерді сыйлауға, өзара қатынасып, тату тұруға үйретеді. Қазақстанда өтетін әлемдік діндер көшбасшыларының съездері тап осы мәселені көтеріп, бейбіт қатар өмір сүруге шақырады.

Хабар 24 телеарнасы