378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұматай Әлиев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды

  • 282
Жұматай Әлиев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды zakon.kz

Президенттікке үміткер Жұматай Әлиев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.

2019 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде Жұматай Әлиевтің мынадай құжаттарын ұсынды:

  1. «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;
  2. Жұматай Әлиевтің Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші;
  3. Өмірбаяндық деректері;
  4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;
  5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  6. Жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері;
  7. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар.

Ақпарат көзі: election.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы