378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел президенті болудан қанша адам үмітті?

  • 421
  • UPD: 21:57, 28.04.2019

Елімізде ҚР президенттігіне үміткерлерді ұсыну кезеңі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық сайлау комиссиясы бүгін соңғы кандидатты қабылдады.

Сонымен кезектен тыс президенттік сайлауға ұсынылған кандидаттардың есімі толықтай белгілі болды. Елімізде тіркелген барлық саяси партиялардың өкілдерімен қатар, республика еңбеккерлерінің құқығын қорғайтын кәсіподақтар федерациясынан, рухани-патриоттық бірлестіктерден және оппозициядан кандидаттар тіркелген.

Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

– Үміткерлерді ұсыну кезеңінің қорытындысы бойынша, президенттік сайлауға қатысу үшін 9 республикалық қоғамдық бірлестіктің, оның ішінде 4 саяси партияның өкілдері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттар өткізді.

Орталық сайлау комиссиясы арқылы үміткерлікке сәйкестігі анықталған 4 кандидат қазіргі уақытта қол жинауға кірісіп кетті. Олар 12 облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан кемінде 118 140 қол жинауы қажет. Өзге кандидаттардың заңнамаға сәйкестігі алдағы күндері анықталады.

Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

– Сонымен қатар 5 кандидаттың Орталық сайлау комиссиясы арқылы үміткерлікке сәйкестігі анықталу үстінде. Қол жинаудан басқа кандидаттар қазіргі уақытта денсаулық жағдайына байланысты медициналық куәландырудан өте алады.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттарды тіркеу 11 мамыр күні сағат 18.00-де аяқталады.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы