378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лингвистикалық комиссия шешімі: Әміржан Қосанов мемлекеттік тілді еркін меңгерген

  • 220
  • UPD: 16:57, 29.04.2019

ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия Әміржан Қосанов мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім шығарды.

«Емтихан үш кезеңнен өтті. Жазба жұмысының тақырыбы - «ТМД тарихы мен бүгіні», мәтін оқуға Қадыр Мырза Әлінің шығармалары, ал үшінші кезенде «Өнер білім бар жұрттар» деген тақырыпта сөз сөйледі», - деді комиссия  төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.

Президенттікке кандидат ретінде ұсынылған үміткер емтиханның барлық үш кезеңінен сүрінбей өтті. Лингвистикалық комиссиясының қорытындысы бойынша Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім шығарылды.

Айта кетейік, Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде «Ұлт тағдыры» қозғалысының атынан ұсынылды.  

Хабар 24 телеарнасы