389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК: Т.Рақымбеков пен Ж.Ахметбековтің кандидатуралары конституциялық талаптарға сай

  • 526
  • UPD: 23:41, 29.04.2019

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысында президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков пен Жамбыл Ахметбековтың кандидатуралары Конституцияда көрсетілген талаптарға сай екені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында бұл шешімді растайтын тиісті қаулы қабылданды. Сондай-ақ оларға белгіленген мерзім аралығында 118 мың қол жинау үшін қол қою парақтары берілді. Бұл үдеріспен президенттікке үміткердің сенім білдірген адамдары айналысады.

Естеріңізге салайық, Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының, ал Жамбыл Ахметбеков Қазақстан Коммунистік Халық партиясының атынан сайлауға түсіп отыр. 

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі: 

- Конституцияға және Конституциялық заңға сәйкестігін, бәрін тексердік. Оның баптарының барлығын айттық, 54-55-баптарға, Конституцияның 33-бабына сәйкестігі, уәкілетті органдарға хаттарын жібердік. Солар арқылы бізге жауап келді. Барлығы Конституцияға, Коституциялық заңда берілген талаптарға сәйкестігі анықталды.

Хабар 24 телеарнасы