378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Бұл ел өміріндегі маңызды сайлау болмақ

  • 218
  • UPD: 13:59, 07.05.2019

9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауы ел өміріндегі елеулі оқиға болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Алматыда өткен «Президент сайлауы-2019: сұрақтар мен күтетін нәтижелер» атты жиында саясаттанушылар айтты. Олардың пікірінше, сайлау еліміздегі билік транзитінің мәселесін шешіп, мемлекеттің алдағы даму бағыттарын айқындайды. Қазіргі таңда Президенттікке үміткерлерді ұсыну аяқталды. 11 мамырдан бастап үгіт-насихат науқаны басталады. Демек санаулы күндерден кейін кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын халыққа жариялайды. «Ал дауыс беру кезінде үміткерлердің бағдарламалары мен саяси тәжірибесі басшылыққа алынуы тиіс», – дейді мамандар. 

Леся Қаратаева, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері:

- Қазір әлемде әлеуметтік саясатқа деген сұраныстың артып отырғаны белгілі. Әрине, көп нәрсені айта беруге болады. Дегенмен дауыс берушілер кандидаттардың бағдарламаларын ой елегінен өткізіп, дұрыс таңдау жасағаны абзал.

Сейілбек Мұсатаев, саяси ғылымдар докторы, профессор:

- Көпшіліктің көңілінде жүрген түрлі сұрақтар көп болатын. Міне, осылардың барлығының шешімі табылып жатыр. Және де сайлау алдындағы қазір науқан, еліміздегі сайлау процесі құқықтық шеңберде өтіп жатқанын көріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы