378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда саясаттанушылар алдағы сайлауды талқылады

  • 121
  • UPD: 20:56, 30.04.2019

Президент сайлауына қатысатын кандидаттар дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар әлеуметтік желілердің көмегіне сүйенетін болады.

Алматыда өткен «Президенттік сайлау-2019: алдағы науқанның ерекшеліктері» атты конференцияға қатысушы саясаттанушылар осылай дейді. Әлеуметтік медиа үміткерге өзінің сайлауалды бағдарламасын мейлінше көп адаммен таныстыруға мүмкіндік береді. Осы жолғы науқанның тағы бір ерекшелігі әртүрлі саяси идеология өкілдерінің қатысуында. Алғаш рет әйел адам сайлауға түскелі отыр. 2000-шы жылдардың басында өмірге келген «жаңа ұрпақ» дауыс беруге қатысады. Сондай-ақ бұл сайлау саяси дәстүрлердің орнығуына ықпал етеді.  «Сол себепті Президенттіктен үміткерлер халықты жақсы идеяларымен және сапалы саяси бағдарламасымен қызықтыра білуі тиіс» дейді сарапшылар. 

Айдос Сарым, саясаттанушы:

- Олар қандай месседжбен шығып отыр? Қоғамға не демек? Кәсіпкерлерге, қазақ ұлтына не демек? Қандай мәселені, қандай жолмен шешу керек деген. Егер осы сайлаудың нәтижесінде жаңа бір трендтер пайда болса, жақсы бір ұрандар, жақсы бір саяси бағдарламалар пайда болатын болса ол парламенттік сайлаулардың өзегі болатын, соны алдыға қарай қозғайтын жақсы дүниеге айналады.

Хабар 24 телеарнасы